Қылмыс

Биыл СҚО-да мыңнан астам жүргізуші көлік басқару құқығынан айырылған

“Қауіпсіз жол”, “Автобус”, “Мас жүргізуші” және “Абайлаңыз: балалар!”. Жыл басынан бері облыс аумағында жолдағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында 19 жедел-алдын алу іс-шарасы өткен.

Нәтижесінде 60 мыңнан астам құқық бұзушылық анықталған. Кейбір жандар жалпыға ортақ заңды белшеден басыпты. Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі ұсынған дерекке сүйенсек, 1 мыңнан астам тұлға ішімдік ішкен күйде рөлге отырған. Олардың барлығы жүргізуші куәлігінен 7 жылға айырылған. Жалпы, қаңтар-қараша айлары аралығында өңірде 236 жол-көлік апаты орын алыпты. Салдарынан 34 кісі қаза тауып, 304 адам жарақаттанған.

Байболат Култанов