Спорт

Бір жеңіс, бір жеңіліс

Бір жеңіс, бір жеңіліс! Демалыс күндері “Qulager” хоккей клубы сырт айдында елордалық “Nomad”-қа қарсы қос кездесу өткізді. Алғашқы ойында жерлестеріміз 4 те 5 есебімен жеңіске жетті. Ал қарымта матчта ойсырай ұтылды. Бұл бәсекеде бас қаланың имек таяқ шеберлері 7 де 1 есебімен басым түсті. Құрамамыздан жалғыз шайбаны Максим Первухин соқты. Бүгінде петропавлдықтар 38 ұпаймен турнирлік кестенің 7-ші сатысында тұр. Айта кету қажет, бұл – үстіміздегі жылы ел біріншілігі аясында өткен соңғы кездесу.

Алдияр Айтпаев