Денсаулық сақтау

28 мың солтүстікқазақстандық ревакцинациядан өткен

Әлемде ревакцинация шарасы қарқынды түрде жүргізіліп жатыр! Бұл іске Израиль мықтап кіріскен. Аталған мемлекетте қосалқы құрамды қабылдаған жандар ғана толық иммундалған болып саналады. Сондықтан, халық белсенді түрде екпе қойғызуда. Тіпті, 12 жастан асқан балалар да кезекті дозаны қабылдауда. Әйтпеген жағдайда ұл-қыздар оқу орындары мен қоғамдық орындарға кіре алмайды. Енді Қазақстандағы деректермен бөлісейік. Республикамызда ревакцинация 22-ші қараша күні бастау алды. Бүгінге дейін 300 мың отандасымыз иммундалыпты. Оның 28 мыңнан астамы – солтүстікқазақстандық.

Алдияр Айтпаев