Түрмеге телефон кіргізбек болған ер адамға қатысты үкім шығарылды

Қылмыс

22:40 24 Желтоксан 2021

Қалалық әкімшілік сотта Заречный кентіндегі түрме аумағына заңсыз дүниелер кіргізбек болған ер адамға қатысты үкім шықты. Заңбұзушылық 2021 жылдың 11-қарашасында тіркелді. ЕС-164/3 мекемесінде автокран операторы болып жұмыс істейтін Власенко өзімен бірге 3 бірдей телефон, 2 сим-карта, 2 қуаттағыш алған. Сондай-ақ, жасыл пакетке насыбай салыныпты.

Мұның барлығын ер адам Сергей есімді жазасын өтеушіге бермек болған. Сотталғанмен  Власенко мекемедегі нысанды жөндеу жұмыстары барысында танысыпты. Сергей бірнеше затты түрмеге кіргізуді жалынып сұрағандықтан, кран операторы бетін қайтармаған. Бұл көмегі үшін тіпті 60 мың теңге сыйақы да алыпты. Қитұрқы әрекеті іске аспағаннан кейін, бірден жазасын мойындап, тығылған тағы бір Самсунг маркалы смартфонды өткізіпті. Ал, жасыл пакеттегі еліткіш затты өзі қолданбақ болған екен.

Дархан Бейісов, қалалық әкімшілік соттың судьясы:

– Сіздің қорғаушыңыз ескерту беруді сұрады. Бірақ, сіз түрмеге емін-еркін кіріп-шыға алатыныңызды пайдаланып, заңсыз әрекетке бардыңыз әрі бұл ісіңіз үшін ақша алдыңыз. Сондықтан, сот сізді әкімшілік жазаға тартып, 10 АЕК көлемінде айыппұл салады. Бұл бүгінде 29170 теңгені құрайды. Ал, түрмеге өткізбек болған телефондар, сим-карта, қуаттағыштар мен 60 мың теңге тәркіленеді.

Эльмира Садвокасова

Бұдан әрі оқыңыз

СҚО тұрғыны ұлтаралық алауыздық қоздырған
Петропавлда түн тыныштығын бұзудың 23 фактісі тіркелді
Облыс тұрғындарынан заңсыз сақталған 5 қару тәркіленді
«Dostyq Mall»-дан жарылғыш зат табылмады
Биыл СҚО-да мыңнан астам жүргізуші көлік басқару құқығынан айырылған
Интернет-алаяқтардан абай болыңыз!
11 шақырым электр сымын ұрлағандар ұсталды
Көлік басқару құқығынан айрыла тұра рөлге отырған мас жүргізуші ұсталды
Лицензиясы жоқ спирттік өнім мен темекі тәркіленді
Ерлікпен қаза тапқан азаматтардың рухына құран бағышталды
СҚО-да полицейлер ауыл тұрғынынан атыс қаруы мен оқ-дәрілер тәркіледі
ТЖ режимін бұзған 11 адам жауапкершілікке тартылды