Мәдениет

Орыс драма театрында – премьера

Жаңа жыл қарсаңында кішкентай көрермендерге арналған тарту! Н.Погодин атындағы облыстық орыс драма театрында “Морозко” ертегісінің премьерасы өтті. Спектакль желісін қысқаша баяндай кетейік. Ертегінің басты кейіпкелері – “Настя” мен “Марфушка” есімді апалы-сіңілі. Настяны өгей анасы қатал тәрбиелеп, үлкен қызымен бірге қосылып оған күн көрсетпейді.

Қақаған қыста тіпті оны отын алып келуге орманға жіберген. Жас қыз болса отын жинап жүріп адасып қалады. Сөйткен кезде оның алдынан мыстан кепір кездеседі. Басында мыстан кепір Настяны жеп қоймақ болады. Бірақ, олар “Морозконы” кездестіріп, ертегінің соңы жақсылықпен аяқталады. Қойылымның қоюшы-режиссері – Н.Погодин атындағы облыстық орыс драма театрының көркемдік жетекшісі Елена Покрас.

Елена Покрас, Н.Погодин атындағы облыстық орыс драма театрының көркемдік жетекшісі:

– Бұл пьесаның авторы – ресейлік драматург Анна Богачева. Ертегіні біз бірінші рет сахналап жатырмыз. Қойылымға театр ұжымының 10-нан астам актері қатысуда. Бүгін премьера болғаннан кейін бірініші қонақтарымыз – күн балалары. Олар үшін спектакль тегін қойылды. Жалпы, “Морозко” ертегісін қаңтардың 6-сына дейін тамашалауға болады.

Бердимурат Баймухан