Григорий Красильников әскерге 40-шы жылы шықыртылған. 3 жыл көлемінде Қиыр Шығыстағы Хабаровск аймағында Отан алдындағы борышын өтеп, сол жақтан соғысқа аттаныпты. Ол Мәскеуді фашистерден қорғауға ат салысқан екен. Өзге де ұрыстарға қатысқан. Соғыс біткен соң үйіне оралады. Кейін, 48-ші жылы Свердловск қаласындағы әскери мектепке оқуға түседі.
Григорий Красильников, Ұлы Отан соғысының ардагері:
– Қазақстанда тұрып жатқаныма 72 жыл болды. Свердловск қаласында 2 жыл оқыдым. Кейін жан-жаққа таратылдық. Мен Солтүстік Қазақстан облысына келдім. Осында 48 жасқа дейін ішкі істер органдарында жұмыс істеп, зейнетке шықтым.
Григорий Иванович 25 жылға жуық қылмыстық-атқару жүйесінде түрлі лауазымда қызмет атқарған. 48 жасында зейнетке шықса да 80 жасқа дейін тер төккен. Бірнеше жыл бойы Шал ақын ауданының орталығында қатарға қосылған жас мамандарға бағыт-бағдар беріп, өз тәжірибесімен бөлісіп отырған.
Михаил Бедных, СҚО ПД ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары:
– Гордимся тем, что в наших рядах находитесь Вы: участник Великой Отечественной войны, Солдат Победы – в послевоенные годы десятки лет отдавший борьбе с преступностью!
Кеше ғана 100 жасқа толған ардагерді Полиция департаментінің бастығы Марат Төлебаев пен ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Михаил Бедных үйіне құттықтап барды.
Бердимурат Баймухан