Полицейлер шырша сатушыларға қатысты рейд өткізді

Қылмыс

23:32 20 Желтоксан 2021

Жаңа жылды шыршасыз елестету қиын. Мереке көркі – тікенекті жасыл желек қазір облыс орталығының әр ауданында сатылып жатыр. Бірақ, алып-сатарлар өз кәсіптерін қаншалықты заңды жолмен жүргізуде? Осы орайда полицейлер рейд шараларын өткізуде.

Тексеру барысында ешқандай заңбұзушылық анықталған жоқ.

Дмитрий Штребель:

– Шыршаларды Ресейдің Барнауыл қаласынан алдырттым. Барлығы – 800 түп. Арнайы тексерістің жүргізілгені, әрине, дұрыс. Себебі, біз сияқты кәсібін заңды жолмен дөңгелетіп отырған азаматтар шырша алдыру үшін ақша төлеп, тиісті құжаттарын рәсімдейді. Одан қала берді, сауда жасап тұрған орнымызға да ақша төлейміз.

Жалпы, желтоқсанның 17-сінен бастап облыста 40-тан астам рейд өткізілді. Нәтижесінде тәртіп сақшылары заңсыз шырша сатқан 3 кәсіпкерді әкімшілік жауапкершілікке тартып, оларға ескерту жасаған.

Әлішер Жармағамбетов
, СҚО ПД ЖПҚБ табиғатты қорғау полициясы тобының инспекторы,

Сатушының қолында фитосанитариялық анықтама, сауда жасап тұрған орын иесімен толтырылған келісім және ағаштардың қайдан әкелінгендігін растайтын анықтама қағазы болуы керек. Тексеріс барлық сату орындарын қамтиды. Яғни, шырша саудасымен айналысатын барлық сауда нүктелері тексеріледі.

Полиция қызметкерлері мұндай рейдтік шараларды ай соңына дейін жиі ұйымдастырып тұрмақ.

Алдияр Айтпаев

Бұдан әрі оқыңыз

19 жастағы петропавлдық 23 адамды алдап түсірген
23 жастағы петропавлдық есірткі сатқаны үшін 10 жылға сотталды
Петропавлда “Трамадол” дәрілік препаратын заңсыз сату фактісі тіркелді
Жыл басынан бері есірткі саудалайтын 167 интернет-ресурс бұғатталды
СҚО-да пәтер ұрлығы шамамен 28 пайызға азайды
Күйеуін пышақтап өлтірген әйелге қатысты сот үкімі шықты
Есіл ауданында серіктестік жұмысшысы 12 тоннадан астам бидай ұрлаған