“Nur Otan” партиясының мүшелеріне “Халық алғысы” медалі табысталды

Аптадағы маңызды жаңалықтар

22:47 15 Желтоксан 2021

30 жыл ішінде Қазақстан талай белесті бағындырып, халықаралық аренадағы орнын нығайтты. Бұл ретте бас партияның да атқарған рөлі орасан. “Nur Otan” партиясы ауқымды өзгерістер мен реформаларды жүзеге асырды» – дейді Құмар Ақсақалов. Айтуынша, праймериз өткізу арқылы ел болашағына бейжай қарамайтын белсенді де білікті азаматтар қатарға көптеп қосылды.

Құмар Ақсақалов, «Nur Otan» партиясы СҚОФ төрағасы, СҚО әкімі:

– Партияның сайлауалды тізімін – 80%-ға, ал мәслихаттардағы фракцияларының құрамын 65%-ға жаңарттық. Мәжіліс депутаттарының сайлауында “Nur Otan” партиясы сайлаушылардың 72% дауысын жинады. Сондай-ақ, алғаш рет әр облыс, қала және аудан үшін 216 мың сайлауалды бағдарлама құрылды.

Биыл ел тарихында алғаш рет ауыл әкімдерінің сайлауы өткізілді. Бұл лауазымға лайық дегендердің 87%-ы “Nur Otan” партиясының атынан ұсынылған екен. Саяси ұйым ұстанымдарының бірі – өскелең ұрпақты парасатты және білімді етіп тәрбиелеу. Аталған бағытта тер төгіп жүргендердің бірі – Алтын Шаяхметова. Ол білім саласында 20-жылға жуық еңбек етіп келеді. Шара барысында Қозыбаев университеті агротехнологиялық факультетінің деканы Құрмет грамотасымен марапатталды.

Алтын Шаяхметова, Қозыбаев университеті агротехнологиялық факультетінің деканы:

– Университет ұжымы жастарды тәрбиелеуге көп күш жұмсайды. Елбасы атап өткендей, «Жастар – біздің қоғамның күші мен ұлтымыздың үміті». Біз жас ұрпақты тәрбиелей отырып, олардың бойына адамгершілік, отбасылық құндылықтарды сіңіріп, ұлттық дәстүрді естерінен шығармауға үлкен көңіл бөлеміз.

Сонымен қатар, 3 солтүстікқазақстандыққа “Халық алғысы” медалі табысталды. Мақтаулы марапатты әлеуметтік, білім беру, денсаулық сақтау салаларында бел жазбай еңбек еткендерге және пандемиямен күрес кезінде ерекше көзге түскендерге табыстайды. Медаль алғандардың қатарында Ғұмар Нұртаза да бар. Кәсіпкер әрі жас депутат пандемия уақытында қиын жағдайға тап болған тұрғындарға ерікті ретінде көмек көрсеткен.

Ғұмар Нұртаза, «SAB BARAKAT» ЖШС басшысы:

– Мысалы, Интернационал көшесіндегі үйдің тұрғындарына әлі күнге дейін көмек көрсетіп жүрміз. Аға буын өкілдерін де ұмытпаймыз. Оларға әрқашан көмек көрсетіп жүрміз.

Еңбек ардагерлері, партия өкілдері, меценаттар, еріктілер мен қоғам қайраткерлері. Жалпы, шара барысында еңбегімен көзге түскен 20-дан астам солтүстікқазақстандық марапатталды.

Бердимурат Баймухан

Бұдан әрі оқыңыз

Облыс әкімінің екі орынбасары қызметтерінен босатылды
Облыс әкімі Қызылжар ауданының тұрғындарымен кездесті
Үлестік құрылысқа қатысқан 5 адам прокуратураға шағымданды
Петропавл қаласының жаңа әкімі тағайындалды
Облыстық әкімдік отырысы өтті