Көлікті тонап, ішінде ұйықтап қалған. Темір тұлпар иесі қорылға басқан ұрының үстінен түскен. Кешкілік уақытта көлігіне келсе, ішінде біреу ұйықтап жатыр дейді. Оятса, ер адам мас екен. Біреудің машинасының ішінде “Не істеп отырсың?” деген сұраққа жылынып алу үшін кірдім деген. “Volkswagen” маркалы автокөліктің есігі жабылмай қалса керек.
Мүлік иесі іштегі құрал-сайманның қолды болғанын байқап, тәртіп сақшыларын шақырады. Полиция қызметкерлері бейнебақылау камералары арқылы ер адамның көлік саймандарын ұрлап, оны таксиге салып жібергенін көрген. Қолды болған дүние құны – 300 мың теңге. Кейін темір тұлпарға қайтып барып, ұйқыға басқан. Тәртіп сақшылары такси жүргізушісін тоқтатып, қолды болған дүниені иесіне қайтарды.
39 жастағы пысықай бұрын сотты болған. Енді 2 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Бердимурат Баймухан