Билік

Облыстық цифрлық технологиялар басқармасының басшысы тағайындалды

Сондай-ақ, облыстық цифрлық технологиялар басқармасына да жаңа басшы тағайындалды. Бұл лауазымды енді Азамат Байтеміров атқарады. Азамат Сұлтанұлы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін және Солтүстік Қазақстан заң академиясын математика, заңтану мамандықтары бойынша тәмамдаған. Өзінің еңбек жолын 2001 жылы «Білім берудегі жаңа технологиялар орталығының» маманы болып бастаған екен. 2008 жылдан бастап осы уақытқа дейін облыс әкімі аппаратының ақпараттық технологиялар және мемлекеттік қызмет көрсету сапасы бөлімінің жетекшісі болып еңбек етті.

Бердимурат Баймухан