Денсаулық сақтау

Өңірде 249 мыңға жуық тұрғын иммундау шарасынан өтті

Өңірде вакциналау науқаны жалғасуда. Бүгінге дейін коронавирусқа қарсы вакцинаның 1-ші компонентін облыс бойынша 265 мың адам алған. Ал 249 мың солтүстікқазақстандық екпе егу курсын толық аяқтапты. Pfizer компаниясының “Comirnaty” препараты елімізде қараша айынан бастап қойылуда. Біздің өлкеде вакцинаны барлығы 4300-ден аса адам қабылдады. Оның ішінде басым бөлігі, яғни 3300-і – 12 мен 18 жас аралығындағы жасөспірімдер. Тағы иммундаудан 112 жүкті әйел мен кішкентай сәбиі бар 881 келіншек өткен.

Эльмира Садвокасова