Спорт

Өңір балуандары ел біріншілігінде топ жарды

Өңір балуандары ел біріншілігінде топ жарды! Желтоқсанның 7-сі мен 12-сі аралығында Нұр-Сұлтан қаласында күрес түрлерінен Қазақстан чемпионаты өтті. Дүбірлі додада солтүстікқазақстандық грек-рим күресі шебері Аманғали Бекболатов алтыннан алқа тағынды. Ол 55 келі салмақ дәрежесінде жеңімпаз атанды.

Бұл жарыста 67 келіде өнер көрсеткен Данияр Каленов та жүлде еншіледі. Финалдық кездесуде теріскейлік саңлақ шымкенттік Мейіржан Шермаханбетке есе жіберіп, күмісті қанағат тұтты. Елордада Нұрқожа Қайпанов та ерледі. Еркін күрестен екі дүркін Азия чемпионы барлық қарсыласын қоғадай жапырып, жанкүйерлерді бір желпінтіп тастады.

Эльмира Садвокасова