Петропавлда үздік педагогикалық дуэт анықталды

Білім

21:52 9 Желтоксан 2021

 

Қазан-қараша айлары аралығынада республикалық “Өрлеу” орталығының жергілікті филиалы «Педагогикалық дуэт» байқауын өткізді. Сайысқа жалпы саны 270-ке жуық адам қатысыпты. Арасында өңіріміздің ұстаздарынан бөлек, ресейлік, беларустық мамандар да болған. Қорытындысы бүгін шығарылды. Яғни, білімді де тапқыр мұғалімдер қашықтықтан марапатталды.

Гүлден Ақмағамбетова, «Өрлеу» БАҰО» АҚ СҚО бойынша ПҚ БАИ зертхана меңгерушісі:

– 113 педагогикалық дуэт қатысты. Конкурс 3 кезеңнен тұрды. Бүгін оларға арналған форум және құттықтау рәсімі өткізіліп жатыр. Қатысқандардың ішінен 5 топ жеңімпаз атанды.

Сонымен, 1-ші орын қалалық №25 орта мектебінің мұғалімдеріне бұйырды. Жүлдегерлердің барлығына дипломдар табысталды. Марапаттау рәсімінен кейін ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған форум қатысушыларына «Біздің әулетіміздің тарихы» атты кітаптың электронды нұсқасы таныстырылды. “Өрлеу” орталығы филиалының мамандары дайындаған еңбекте халық арасында танымал, білім беру жүйесін дамытуға үлес қосқан солүстікқазақстандық ұстаздардың отбасылары жайлы жазылған. Жалпы, 13 жанұя қамтылған екен.

Мақтай Арықов, Водопроводный орта мектебінің директоры, Қызылжар ауданы:

– Әулетімде бәріміз – мұғалімдерміз. Мұғалім деген – бір міндетке жетелейтін қызмет. Сол қызметіміздің жемісін көріп, осы педагогикалық әулеттер форумына келіп отырмыз. Форумды өткізіп жатқан “Өрлеу” қызметкерлеріне рахмет, алғысымды айтамын.

Болашақта “Өрлеу” қазметкерлері «Біздің әулетіміздің тарихы» атты кітапты басып шығаруды жоспарлап отыр.

Самал Жүнісова

Бұдан әрі оқыңыз

Оқушылардың жазғы демалысы 5 күнге қысқарады
Мыңнан астам студент мемлекеттік грантқа ие болды
«Білімді ұлт» сапалы білім беру» ұлттық жобасын іске асыру