Жол қателікті кешірмейді. Рөлге ішімдік ішіп алып отыратындар да бар. Облыста 2 күнде 17 мас жүргізуші ұсталған. Заң бұзғандарды полиция қызметкерлері «Құқықтық тәртіп» жедел-алдын алу іс-шарасы барысында қолға түсірді. Қазіргі күні олардың барлығы жауапқа тартылып, жүргізуші куәлігінен айырылды.
Бердимурат Баймухан