«Comirnaty» вакцинасын 3 мыңнан астам солтүстікқазақстандық алған

Денсаулық сақтау

21:25 7 Желтоксан 2021

Әлемде эпидахуал күн сайын ушығып барады. Бұған басты себеп – инфекцияның «омикрон» штамының жан-жаққа жайылуы. Бүгінде дерттің аса қауіпті деп саналатын түрі АҚШ пен Ұлыбританияда жоғары жылдамдықпен таралып жатыр екен. Қос мемлекетте өткен тәулікте 200-ге жуық жаңа жағдай тіркеліп, карантиндік шаралары күшейтілген. Жақында аталған шет елдерде 5 пен 11 жас аралығындағы балаларды вакциналау басталмақ.

Күні кеше «омикрон» штамы Ресейде де тіркелді. Аурудың жаңаша түрі Оңтүстік Африка Республикасынан ұшып келген 10 адамнан анықталған. Қазір көршілес мемлекеттің билігі вакциналау қарқыны күшейтілетіндігін айтып, дабыл қағуда. Осы орайда айта кетейік, оқушылар мен аналарды иммундау шарасы біздің елімізде, оның ішінде Солтүстік Қазақстан облысында қарқынды жүріп жатыр.

Анар Сарбасова, облыстық денсаулық сақтау басқармасының штаттан тыс бас педиатры:

– Қазіргі таңда біз қолданып жатқан «Pfizer» вакцинасы АҚШ-та – 5, ал Қытайда 3 жастағы балаларға да егілуде. Себебі, екпенің құрамында індетпен күресетін матрицалық рибонуклеин қышқылы бар. Ол кішкентай ұл-қыздардың денсаулығын нығайтып, иммунитетін көтеруге көмектеседі. Америкада әзірленген препараттың тиімділігін әлемдік ғалымдар мен дәрігерлер де растап отыр.

«Pfizer» созылмалы ауруы бар немесе жіті респиратОрлық вирустық инфекцияға шалдыққан жандарға салынбайды. Екпе бойдағы дерттерді асқындырып жіберуі мүмкін екен. Сондықтан, дәрігерлер вакцина алуға ниетті оқушылар мен бала емізетін нәзікжандылардың әрқайсысын жіті тексерістен өткізуде. Ал болашақ аналарға арнайы медициналық анықтама алған соң ғана екпе қабылдауына рұқсат етіледі.

Анар Сарбасова, облыстық денсаулық сақтау басқармасының штаттан тыс бас педиатры:

– Екпеден кейін өне бойымызда антидене қалыптасу процесі басталғанда әлсіздік сезінуіміз мүмкін. Кей жағдайда қызу көтеріледі. Мұндай реакция кез келген вакцинаны алған кезде байқалады. Сондықтан, тұрғындарға айтарым, ештеңеден қорықпаңыздар. Екпенің зияны жоқ.

Екпе – коронавирустан құтылудың жалғыз жолы. Келесі жылдан бастап бірқатар мемлекет елге тек вакцина алған жандардың ғана кіруіне рұқсат етпек. Мұндай шешімді жақында Сауд Арабиясы қабылдады. Демек, Мекке мен Мединаға қажылыққа баратын жамағат иммундалуы тиіс. Діттеген жерге жеткеннің өзінде мұсылман қауым мен туристер 48 сағаттық карантинде болып, ПТР-тест тапсыруға міндеттеледі.

Маржан Касымбек

Бұдан әрі оқыңыз

Дәрі-дәрмек бағасын тұрақтандыру қорымен тек 2 дәріхана келісім жасасқан
Петропавл тұрғындары скринингтен өтуде
Қазақстан денсаулық сақтау деңгейі бойынша 58-орынға тұрақтады
Әлеуметтік сақтандырудың тиімді тұстары
Қалалық емхана 16 жас маманмен толықты
Жаз мезгілінде жедел жәрдем шақырту жиілеген
Үкімет дәрілік заттарды цифрлық таңбалау тарифін бекітті