Спорт

Ауыр атлеттер 4 алтын еншіледі

4 бірдей алтын! Солтүстікқазақстандық ауыр атлеттер қос додадан олжалы оралды. Алдымен пауэрлифтингшілер ерледі. Олар сенбі күні Омбы қаласында ұйымдастырылған Сібір чемпионатында қарсылас шақ келтірмеді. Ал зілтемірші Жанали Тұяқов 20 жасқа дейінгі жастар арасында өткен Қазақстан чемпионатында жеңіс тұғырының бірінші сатысына көтерілді. Білекті жігіт жұлқа және серпе көтеруде 326 келіні бағындырып, топ жарды.

Бердимурат Баймухан