Тайынша қаласындағы дүкендердің бірінде 1 млн-нан астам ақша жымқырған ұры ұсталды

Қылмыс

23:18 2 Желтоксан 2021

Өзі жұмыс істейтін дүкеннен 1 млн теңгеден астам ақша ұрлап әкеткен. Оқиға қараша айының соңында Тайынша қаласында болған. Полицейлерге кабинетінен ақша ұрланғаны туралы дүкен иесі хабарласқан. Бірден іздеуге кіріскен тәртіп сақшылары ұрыны сол күні ұстапты. Қолының жымқырмасы бар ер адам 40 жаста, сол сауда орнында күзетші болып жұмыс істеген екен. Ақшаны қалтаға басысымен облыс орталығына тұра тартқан. 1 млн теңгеден астам соманың жартысын ішімдікке жұмсап үлгеріпті. Өзі қонақ үйлердің бірінде құрықталды. Аталған факті ҚР ҚК-нің 188-бабы 3-бөлігі «Ұрлық» бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Айта кетейік, жыл басынан бері облыста пробациялық бақылаудан жалтарып, қылмысқа жасады деген күдікпен 31 адамға іздеу жарияланған екен. Бүгінде оның 22-сі ұсталған.

Самал Жүнісова

Бұдан әрі оқыңыз

Петропавлда түн тыныштығын бұзудың 23 фактісі тіркелді
СҚО тұрғыны ұлтаралық алауыздық қоздырған
Биыл 660-қа жуық теріскейлік интернет-алаяқтарға жем болды
Биыл СҚО-да мыңнан астам жүргізуші көлік басқару құқығынан айырылған
Инвестиция жасаймын деп ақшасынан айырылды
Интернет-алаяқтардан абай болыңыз!
11 шақырым электр сымын ұрлағандар ұсталды
СҚО-да алкогольдік өнімдерді заңсыз сатқан 7 дүкен анықталды
Ерлікпен қаза тапқан азаматтардың рухына құран бағышталды
Түрмеге телефон кіргізбек болған ер адамға қатысты үкім шығарылды
Лицензиясы жоқ спирттік өнім мен темекі тәркіленді
«Dostyq Mall»-дан жарылғыш зат табылмады