Спорт

«Qyzyljar» ФК УЕФА-ның Конференция лигасына жолдама алды

Спортсүйер қауымға сүйінші жаңалық! Жаңа маусымда солтүстікқазақстандық «Qyzyljar» футбол клубы еуропалық командалармен күш сынасады. Кеше жергілікті ұжым УЕФА-ның Конференция лигасының іріктеу сатысында бақ сынау мүмкіндігін иеленді. Айтулы оқиғаның орын алуына алматылық “Kairat” себепкер болды. Оңтүстік астананың намысын қорғайтын құрама Қазақстан кубогінің финалында қарағандылық “Shakhter”-ден басым түсіп, теріскейліктерге жолдама сыйлады. Тарихи жетістікпен жанкүйерлерді облыс әкімі Құмар Ақсақалов әлеуметтік желілер арқылы құттықтады.

Байболат Култанов