Денсаулық сақтау

СҚО-ғы коронавирустық ахуал

Өткен тәулікте облысымыздағы 103 адамнан коронавирус анықталды. Инфекцияны жұқтырғандардың алтауы ғана індетті симптомсыз еңсеруде. Қалғандарының барлығынан аурудың белгілері анық байқалады. Науқастанғандардың саны бойынша әдеттегідей Петропавл көш басында тұр. Облыс орталығында 51 тұрғын дертке шалдыққан. Өңіріміз әлі күнге дейін “қызыл аймақтан” шыққан жоқ. Сол себепті дәрігерлер ағайынға оқшаулану ережелерін қатаң сақтауды ескертеді. Сонымен қатар, иммундау шарасынан өтпеген жандарды вакцина алуға шақырады. Айта кеткен жөн, бүгінгі күнге дейін мыңға жуық теріскейлік екпенің 3-ші құрамын алған.

Бердимурат Баймухан