ТЖ

Петропавлда өртке қарсы сенбілік өтті

Сенбілікке түрлі салада еңбек ететін мамандар шықты. Олар: құтқарушылар, полицейлер, жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлері мен еріктілер.

Орал Әбдірахманов, СҚО ТЖД бастығының орынбасары:

– Аталған акцияның басты мақсаты – жылыту мерзімінде өрттерді азайту, өрт салдарынан адамдардың өмірін құтқару. Жеке секторларда аула аралау жұмыстары жүргізіледі. Әрбір жеке тұрғын үй иелеріне негізгі өрт қауіпсіздігінің талаптары түсіндіріледі, сонымен қатар, арнайы жаднама қағаздары таратылады.

Сенбілік барысында әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға ерекше назар аударылды. Бүгінгі таңда өңірімізде мұндай 4 мыңнан астам жанұя тұрады екен. Арнайы топ өкілдері үйлерге бас сұғып, пештердің жағдайын тексерді, қауіпсіздік ережелерін еске салды және түтін датчиктерін орнатты. Айта кеткен жөн, жыл басынан бері облысымызда 1300-ден астам осындай құрылғы қойылыпты.

Любовь Кардаполова – Жұмысшы кентінің тұрғыны. Бұл үйге көпбалалы ана жақында ғана көшіп келіпті. Азаматша қауіпсіздік ережелерінен хабардар. Алаңдататын бір-ақ мәселе бар. Ол – ескі пештің жағдайы.

Любовь Кардаполова, қала тұрғыны:

Задымления были за счёт того, что здесь были щели. Шёл дым. Конечно же, дверь само по себе не открывается, но, за счёт этих трещин, всё болтается. – Сколько уже живёте с такой проблемой? – С начала отопительного сезона.

Құтқарушылар бұл мәселені шешуге көмектесеміз деді. Айта кетейік, жыл басынан бері облыста 670-тен астам өрт оқиғасы тіркеліпті. Өкінішке қарай, 50-ге жуық адам қайтыс болған. Мамандардың сөзінше, төтенше жағдайлардың басым бөлігі әдеттегідей жеке тұрғын үй секторында орын алған.

Самал Жүнісова