Қуғын-сүргін құрбандарын ақтау жөніндегі комиссия жұмысы

Мәдениет

22:42 25 Қараша 2021

Бірнеше мәрте қолдан жасалған ашаршылық, ұжымдастыру, байларды қуалау мен репрессия. Бұл – тоталитарлық жүйе езгісінің тек бір бөлігі. Қазір жергілікті тарихшылар қазақ халқы үшін дәл осы қиын-қыстау кезеңнің хронологиясын жасап, құрбандарын анықтау үстінде. Бір жыл бұрын Сталиндік террордан жазықсыз жапа шеккендердің саны СҚ облысы бойынша 7721-ді құраған болатын. 12 айдың ішінде мемлекеттік комиссия тағы 700-ге жуық адамның есімін анықтаған.

Сәуле Мәлікова, СҚ мемлекеттік архивінің директоры:

– Сонымен қатар, жарлыққа байланысты ақталмағандардың санын архивтердегі құжаттарға негізделіп анықтаудамыз. Облыс бойынша 11 мыңнан аса ақталмаған адамның тізімін жасадық. Соның ішінде 58 бап бойынша 600-ден аса азамат ақталмаған. Оны біз республикалық комиссияның қарауына жолдауға дайындадық.

58-ші баппен Сталиндік саясат үшін «ыңғайсыз» адамдар сотталған. Оларға Отанға опасыздық жасады, көтеріліс ұйымдастырды, шетелге қашып кетті, тыңшылық етіп, Кеңес үкіметіне қарсы шықты деген айыптар тағылған. Бір бөлігі жер аудартылып, екіншісі концлагерьге тығылып, үшіншілеріне өлім жазасы кесілді. Бүгінге дейін жергілікті тарихшылар Петропавлдың ақ түрмесінде атылғандардың жерленген жерін анықтау үстінде. Ұзақ уақытқа созылған іздеу өз мәресіне жетіп те қалды. Мемлекеттік комиссия мүшелері марқұмдардың топырақ бұйырған жерін тауыпты. Болжамды растау мақсатында алдағы жазда мұнда қазба және зерттеу жұмыстары жүргізілмек.

Сәуле Мәлікова, СҚ мемлекеттік архивінің директоры:

– Өте қайғылы кезеңдерде 29-30-шы жылдары арнайы концлагерьлер құрылған. Петропавл түрмесінен бөлек. Аудандарда ірі байларды тәркілеп, жер аударар алдында концлагерьде тұрған екен. Сол жерден Қазақстанның түкпір-түкпіріне, Қазақстанның сыртқары жерлеріне жер аудартқан екен. Бұл – Тимирязев ауданындағы Жарқын ауылының жанындағы Байқала, М.Жұмабаев ауданындағы Александровка селосындағы концлагерь.

Тоталитарлық жүйенің езгісін молынан көрген ірі байлардың да тізімі әжептәуір толықты. Өткен жылы мұндай 34 байдың есімі белгілі болды. Биыл прокуратура, облыстық мемлекеттік архив пен аудандық мұрағаттардың деректерін зерттеу барысында ауқатты теріскейліктердің саны 105-ке дейін жеткен. Мемлекеттік комиссиямен қолға алынған тағы бір бағыт – қазақ даласындағы ашаршылық кезеңі. Ол сонау 1918-ші жылдардан бастап, 34-ке дейін жалғасқан. Архив қызметкерлері және тарихшылармен анықталған жаңа деректер 3 томдық кітапта басылды. Жалпы, ғалымдардан құралған топ 12 айдың ішінде 4 бірдей еңбекті жарыққа шығарыпты. Мамандардың келесі жылға арналған жоспары да өте ауқымды.

Зарқын Тайшыбай, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, академик, профессор:

– 1916-жылы Солтүстік пен Орталық Қазақстаннан Ауғанстан асып кеткен ата-бабаларымыз бар. 1918-жылдары Қытай мен Моңғолияға кеткендер бар. Қазақстаннан Ресейдің Кемерево, Владивосток, Тобыл, Иркутск, Новосибирскке кеткен қазақтарды іздеп бармақпыз. Солтүстік Қазақстан облысының жұмыс тобы.

Биыл мамандар негізінен Қазақстандаға архивтердің құжаттарына негізделіп жұмыс істеген болатын. Ал, келесі жылы экспедиция аясы кеңейетін болады.

Эльмира Садвокасова

Бұдан әрі оқыңыз

Петропавлда суретшілер байқауы өтуде
Петропавлда халықаралық “Солтүстік кубогы” фестивалі өтті
Ыбырай Алтынсариннің дүниеге келгеніне – 180 жыл
“Тұмар” би ансамблі Шымкенттен жүлделі оралды
“Қарлығаш” би ансамблі республикалық байқаудан 2 бас жүлде жеңіп алды
И.Шухов атындағы орталық қалалық кітапханада балалар ертегілер клубы ашылды
“Сылаң қыз” қойылымы сахналанды
“Art-класс” ұжымы Алматыда өткен байқауда 6 гран-при жеңіп алды
Алаш қайраткері Қошке Кемеңгерұлының дүниеге келгеніне – 125 жыл
“Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына – 30 кітап” акциясы қорытындыланды
Облыстық қуыршақ театрында Тұңғыш Президент күні аталып өтілді
Тарихи-өлкетану музейіндегі Тұңғыш Президент залына – 9 жыл