«Pfizer» вакцинасын мыңнан астам солтүстікқазақстандық қойдырған

Аптадағы маңызды жаңалықтар

22:20 24 Қараша 2021

Вакцина алсам, коронавирусқа қарсы иммунитетім қалыптасады дейді 16 жастағы Дариға Төлеген. Әуелі ата-анасының рұқсатын алған, енді бүгін екпе қойдырмақшы.

Дариға Төлеген, қалалық №2 орта мектебінің оқушысы:

– Үйдегілердің барлығы вакцина алды. Олар «Спутник V» екпесін салдырды. Біздің мектептен екпе алуға келісімін білдірген 3 оқушы келді. Басқалары әлі ойланып жатыр.

«Pfizer» вакцинасын салу тәртібі де ересектерге қойылатын екпенікіндей. Яғни, алдымен дәрігер келушілерге арнайы сауалдар қойып, анкета толтырады. Кейін жүрек соғысы мен қан қысымы тексеріледі. Тамақты да қарау қажет. Дәрігерлер Дариғаны медициналық тексерістен өткізген соң екпе қоюға болады деген шешім қабылдады. Негізі, иммундау шарасынан кейін әр адам 30 минут бойы мамандардың қарауында болуы тиіс. Айта кетейік, америкалық екпенің 1 данасы 6 дозадан тұрады.

Светлана Давыдова, №1 қалалық емхананың дәрігері:

– Қарашаның 17-сі күні №1 қалалық емханаға «Pfizer» препаратының – 60, ал 19-ы 102 данасы жеткізілді. Бүгінге дейін 80-ге жуық адам коронавирусқа қарсы вакцина қойдыртты. Оның 35-і -жасөспірімдер болса, қалғаны – бала емізіп жүрген келіншектер, тағы біреуі – жүкті әйел. Ал кеше «БЭСТ» гимназиясының 12 оқушысына екпе салдық. Жалпы, қарқын жаман емес.

Иммундаудан өткен жандардың барлығы өздерін қалыпты сезінген. Ақ халаттының сөзінше, кейбір солтүстікқазақстандық аналар балалар мен жүкті нәзікжандыларға арналған екпені тағатсыздана күткен екен. Өйткені, алдыңғы вакцина түрлері бұл жандарға арналмаған.

Светлана Давыдова, №1 қалалық емхананың дәрігері:

– Эпидемиолог маман ретінде коронавирустан екпе алу арқылы ғана сақтана алатынымызды еске салғым келеді. Тағы айта кетерім, америкалық препараттың адамдарға ешқандай кері әсері жоқ. Ішінде тек ақуыз ғана бар. Сондықтан, денсаулықты күтіп, қауіпті індеттен сақтануға шақырамыз.

Жалпы, бүгінге дейін өңірде мыңнан астам жан «Pfizer» вакцинасын алған. Оның 815-і – ұл-қыздар, 17-сі – жүкті және 270-ке жуығы бала емізіп жүрген аналар.

Алтынай Казиканова

Бұдан әрі оқыңыз

Облыстық әкімдік отырысы өтті
Балалар қауіпсіздігіне баса назар аудару қажет
Қазақстандықтардың 42,5% халық санағын онлайн форматта өтті
Құс фабрикалары жұмыртқаны негізсіз қымбаттатқан
“Ауыл – ел бесігі” бағдарламасы аясында 3,5 мың ауылдың көркі кіреді
Шал ақын ауданында таза ауызсу мәселесі өткір тұр
Коронавирусты жеңген нәзікжанды тұрғындарды вакцина алуға шақырады
Жастардың мәселелері билік өкілдерімен талқылануы тиіс
Облыстық әкімдік отырысы өтті
Ревакцинациядан мыңға жуық теріскейлік өтті
Облыс әкімі онлайн қабылдау өткізді
Нұротандықтар қоғамдық кеңес отырысын өткізді