184 солтүстікқазақстандық алимент төлемей жүр

Қоғам

22:42 23 Қараша 2021

Елена Богатырева осыдан 3 жыл бұрын балалар үйінен 10 жастағы ұлды патронаттық тәрбиеге алды. Жаөспірімнің әке-шешесі ішімдікке салынғандықтан ата-ана құқығынан айырылыпты әрі екеуі де заң бойынша алимент төлеуге міндеттелген. Шешесі баласы алдындағы қарызын өтеп жүргенімен, әкесі берешегін қайтарғысы жоқ.

Елена Богатырева, Есіл ауданының тұрғыны:

– Баланың шешесі берген ақшаны балаға арнап банкке салып, жинап жатырмыз. Ал әкесі бір рет 100 мың теңге ғана берді. Одан кейін ізін суытты. Жүздесіп, сөйлесуге тырыстық, нәтиже жоқ. Сөйтсек, ол кісі жұмыс істемейді, істегісі де келмейді.

Жауапсыз әке баласына 2 млн теңге қарыз. Елена Богатырева мәселені айтып құзырлы органдарға жүгінген. Бірақ, мамандар әзірге ескертумен шектеліпті.
Белгіленген мерзімде қарыз қайтарылмаса іс сотта қаралады.

Елена Богатырева, Есіл ауданының тұрғыны:

Патронаттық тәрбиеге алған балаға туған ұлымыздай қарап, тәрбиелеп жатырмыз. Күйеуіміз екеуіміздің 2 қызымыз бар. 3-еуін бірдей бағып-қағуға жағдайымыз жетеді. Бұл ақша ұлымыздың жеке өзіне ғана тиесілі. 18-ге толғанда өз қажеттіліктеріне жаратады

Бүгінде облыс бойынша 184 адам алимент төлеуден жалтарып жүр. Басым бөлігі – 30-35-тегі ер адамдар. Орда бұзар жастағы жігіттер табысын қалтасында қалдыру үшін түрлі қитұрқы әрекетке баратын көрінеді. Кейбіреулері карантинді сылтау етіп, жұмыс істеуден бас тартады. Ал басқалары алатын нәпақасын мөлшерден аз етіп көрсетеді екен.

Ақлима Бекенова, облыстық әділет департаментінің бөлім басшысы:

Облыс бойынша 6 мыңнан астам адам алимент төлеуге міндеттелген. 3800 солтүстікқазақстандықтың берешегі жалақы түскен кезде автоматты түрде баланың есепшотына аударылады. Кей жандар кешіктірсе де қарыздың бәрін қайтарып отырады. Ал 184 тұрғын алиментті мүлде бермей жүр.

142 жағдайға қатысты ҚР ҚК-нің 139-шы бабына сәйкес іс қозғалыпты. Алимент төлемеген 8 адам сотталып, тағдыры сотта қаралып жатқан 12-сінің ісі қарызды қайтаруына байланысты тоқтатылған. Ал қалғандарына қатысты материал жинақталуда.

Ақлима Бекенова, облыстық әділет департаментінің бөлім басшысы:

Сондай-ақ, соңғы 9 айда 165 адамға қатысты әкімшілік іс қозғалды. 116 тұрғын жауапкершілікке тартылды: соның 59-ы әкімшілік қамауға алынса, қалғанына айыппұл салынды.

Айта кеткен жөн, алиментті төлемей жүргендерге қатысты шағымды Qamqor.gov сайтында онлайн беруге де болады. Мұнда бұл жандарға қатысты жеке мәліметтердің барлығы ашық түрде көрсетілген.

Маржан Касымбек

Бұдан әрі оқыңыз

СҚО-да әр 4-ші отбасы ажырасуға шешім қабылдайды
Облыстық қоғамдық кеңес отырысы өтті
Дін өкілдері жастарға адалдық жайында әңгімеледі
Жастарға жемқорлықтың қатері жайлы айтылды
Еріктілер жалғызбасты зейнеткерге көмектесті
“Ten Qogam” мобильді қосымшасының демо-нұсқасы таныстырылды
СҚО мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасы 10 айды қорытындылады
Қоғам белсендісі Ақжан Кәрімнің еңбегі еленді
Жолда пара берудің салдары түсіндірілді
СҚО-да өз-өзіне қызмет көрсету бұрыштарының саны артпақ
Өңірге жұмыс сапарымен Сенат депутаттары келді
Өңірде “e-апостиль” бағдарламасы іске қосылды