Денсаулық сақтау

Өңірде өткен тәулікте 120 адам инфекция жұқтырды

2 айға жуық уақыт бойы “қызыл” аймақта тұрған Солтүстік Қазақстан облысында әлі де эпидахуал тұрақталар емес! Өңірде өткен тәулікте 120 тұрғын тәж вирусын жұқтырған. Науқастанып қалғандардың басым бөлігі – петропавлдықтар. Облыс орталығында 76 жағдай тіркелді. Одан кейінгі сатыда Тайынша және Қызылжар аудандары тұр. Аталған қос ауданда 11 адамнан дертке шалдыққан. Өкінішке қарай, 3 науқас ажал құшты. Олардың екеуіне – “коронавирустан”, біреуіне “коронавирустық пневманиядан” көз жұмды деген диагноз қойылып отыр. Ал пандемия басталғалы 353 жерлесіміз бақилық болған. Жазылып шыққандардың саны 28 мыңға жуықтайды. Бүгінде жұқпалы аурулар ауруханасында 608 жан ем қабылдауда. Бұл төсек-орындар толымдылығының 35 пайызын құрайды.

Байболат Култанов