Спорт

“Qulager” ХК өскемендік “Torpedo”-ға қарымта кездесуде де есе жіберді

“Qulager” хоккей клубы өскемендік “Torpedo”-ға қарымта кездесуде де есе жіберді. Солтүстікқазақстандық хоккейшілер 0 де 5 есебімен ойсырай ұтылды және турнирлік кестенің 6-шы сатысына түсіп қалды. Қазіргі таңда қоржында 31 ұпай бар. Келесі ойынды “Qulager” тағы да өз айдынында өткізеді. Кезекті қарсылас – “Temirtay” командасы. Қос матч қарашаның 21-і мен 22-сі күндеріне белгіленген.

Алдияр Айтпаев