Спорт

Ұлттық ұлан Әскери институтының курсанты әлем чемпионатында топ жарды

Ұлттық ұлан Әскери институтының 1-ші курс курсанты әлем чемпионатында топ жарды. Қарашаның 14-і мен 18-і аралығында Украинаның Харьков қаласында панкратионнан жаһандық дода ұйымдастырылды. Жарысқа 20-дан астам мемлекеттен 400-ге тарта спортшы жиналды. 100 келі салмақ дәрежесінде бақ сынаған жерлесіміз Нияз Зубаиров қарсылас шақ келтірмеді. Ол Венгрия, Беларусь және Украина елдерінің өкілдерін айқын басымдықпен жеңіп, жеңіс тұғырының ең жоғарғы сатысына көтерілді. Осылайша, спорт шебері нормативін орындады.

Алдияр Айтпаев