Дәрігерлер жүкті әйелдерге вакцина алуға кеңес береді

Денсаулық сақтау

22:40 19 Қараша 2021

Ирина Звягина 16 жаста. “Pfizer” компаниясының “Comirnaty” екпесін қойдыратыны туралы әуелде ата-анасымен бірге шешім қабылдаған. Әрине, бұған дейін аталған екпе жайлы біраз мағлұмат жинаған екен. Вакцина ектіру үшін тұрғылықты мекен-жайы бойынша №2 емханаға жүгініпті.

Ирина Звягина, қала тұрғыны:

– Әрине, басында сәл қобалжу болды. Бірақ, бұл вакцинаның арқасында иммунитетімді нығайтамын деген сенімдемін. Қатарластарым әзірге коронавирусқа қарсы екпе алуға асығар емес. Дегенмен, мамандардың сөзінше індеттен құтылу үшін бәріміз бір жұдырықтай жұмылып, ұжымдық иммунитет қалыптастыруымыз қажет.

Ал Маргарита Калинина болса 1 ай бұрын ғана тұңғышын қолына алып, жас ана атанды. Өзінің және сәбиінің қауіпсіздігі үшін 20 жастағы нәзікжанды вакцина алуға бел буған.

Маргарита Калинина, қала тұрғыны:

Вакцинация жайлы дәрігердің қабылдауында білдім. Мамандар екпе жайлы толық ақпарат беріп, денсаулыққа еш зияны жоқтығын түсіндірді. Мен бірден келісімімді бердім. Отбасым да еш қарсылық танытпады. Жалпы, менің жанұям толығымен иммундау шарасынан өткен.

Вакциналаудың алғашқы күнінде-ақ №2 емханада “Pfizer” компаниясы шығарған “Comirnaty” екпесі 4 жас ана мен 2 жасөспірімге егілген. Емхананың инфекционист-дәрігері Галина Лукашевичтің сөзінше вакцина облыстық қоймадан емханаға жеткізіледі. Препаратты тасымалдау және сақтау кезінде температуралық талаптар қатаң сақталады.

Галина Лукашевич, №2 қалалық емхананың инфекционист-дәрігері:

Екпе алуға келген жандар алдымен терапевтің тексеруінен өтеді. Яғни, дене температурасы мен қан қысымы өлшенеді. Вакцина қазір 12 жастан асқан ұл-қыздарға қойылуда. Сондай-ақ, мерзімі 16 аптадан асқан жүкті әйелдер де келіп екпе ала алады. Және бала емізетін нәзікжандыларды да иммундау шарасынан өтуге шақырамыз.

Айта кетейік, әйелдер жүктіліктің 16 мен 37 аптасының аралығында вакцина салдырта алады. Бүгінде №2 қалалық емханада осы тізімге кіретін 97 азаматша қаралып жүр екен.

 

Дана Ешкенова

Бұдан әрі оқыңыз

Өңірде мұсылман дін қызметкерлерінің 80 пайызы екпе алған
Медициналық сақтандыру қорына теріскейліктерден 180 шағым түскен
Қызылжар ауданында 50-ге жуық адам “Comirnaty” вакцинасын алды
Облыста 10 айдың ішінде 125 адам иммундық тапшылық вирусына шалдыққан
Індетпен күрес
№3 қалалық емхана базасында 23 мыңнан астам адам екпе алған
СҚО-ғы коронавирустық ахуал
Әр емдеу мекемесінде пациенттерді қолдау қызметі бар
Өткен тәулікте 161 солтүстікқазақстандық вирус жұқтырған
СҚ кәсіби педагогикалық колледжінде шеберлік сағаты өтті
Ұжымдық иммунитет қалыптастырған елдерде шектеулер алынды
М.Жұмабаев ауданында 13 мың 500-ден аса адам иммундау шарасынан өтті