Бизнес және экономика

СҚО 56 млн АҚШ долларының өнімін экспорттады

Солтүстік Қазақстан облысы Еуразиялық экономикалық одақ елдеріне 56 млн АҚШ долларының тауарын саудалаған. Бұл – алғашқы тоғыз айдағы көрсеткіш. Десе де, импорт деңгейі әлі де басым. Өзге мемлекеттерден теріскейге 330 млн доллардың өнімі жеткізілді. Бұл барлық сауда-саттық көлемінің бақандай 85 процентін құрайды. Сауда операцияларының 97 проценті көршілес Ресей Федерациясына тиесілі. Ал, Беларусь елімен алыс-беріс 3 процентке жуықтайды. Қырғызстанмен сауда-саттық деңгейі қаңтар мен қыркүйек аралығында 0,3 процентті құрапты.

Эльмира Садвокасова