Шағын бизнесті дамыту үшін қандай кредит түрін таңдаған дұрыс?

МТРА жаңалықтары

22:04 12 Қараша 2021

Кез келген деңгейдегі кәсіпкерлер әрі қарай даму үшін қосымша қаражат іздеу мәселесімен бетпе-бет келеді. Ақша айналымды ұлғайту, өнім желісін немесе қойманы кеңейту, жабдықты жөндеу немесе сатып алуда және тағы басқа мақсатта қажет болуы мүмкін. Бүгінгі таңда бұл мәселелерді шешуге банк кредиттері көмектеседі. Бірақ, сіздің қажеттілігіңізге сай келетін қарызды қалай таңдауға болады? Осы мәселемен біз мамандарға жүгіндік.

Елена Лебедева, ВТБ Банк (Қазақстан) Петропавлдағы филиалының директоры:

– Шағын бизнесті дамытуға арналған кредитті банктің өз қаражатынан да, кәсіпкерлікті дамытудың мемлекеттік бағдарламалары шеңберінде де алуға болады. Соңғы нұсқа, әдетте, клиентке арзанға түседі, бірақ оның бір кемшін тұсы бар. Яғни, бұл бәріне бірдей қолайлы емес. Мемлекет экономиканың ең осал немесе әлеуметтік маңызды салаларына көмектесуге тырысады, сондықтан жеңілдетілген кредит бағдарламаларына қатысушылардың тізімін шектейді. Біздің банк қаржыландырудың осы және басқа да түрін ұсынады. Біздің жүйемізде бизнеске арналған жеке кредит өнімдерінің 5-тен астам түрі бар, сондай-ақ 13 мемлекеттік бағдарламаның бірі аясында да кредит алуға болады.

Бүгінгі таңда кәсіпкерлер арасында ең танымал «Бизнестің жол картасы – 2025» бағдарламасы, оның шеңберінде жеңілдетілген кредит жылдық 6%-дық (жылдық тиімді мөлшерлеме 6,1%-дан басталады) түпкілікті мөлшерлеме бойынша беріледі, бұл ретте бағдарламаға сауда мен жалға алудың кейбір түрлерінен басқа экономиканың кез келген саласы қатыса алады. ШОБ үшін кредиттер 3 негізгі түрге бөлінеді. Олар: айналым қаражатын толықтыру, инвестициялық мақсаттарға және овердрафтқа арналған қарыз.

Елена Лебедева, ВТБ Банк (Қазақстан) Петропавлдағы филиалының директоры:

– Егер сізге бизнестің қаржылық процестерін қолдау үшін, мысалы: шикізат сатып алу, мердігерлермен есеп айырысу, салықтар немесе жалақы төлеу және т.б. мақсаттар үшін ақша қажет болса айналым қаражатын толықтыруда кредит қолайлы. Әдетте ол орташа мерзімге беріледі, біздің банкте бұл 3 жылды құрайды. Осы уақыт аралығына 600 млн теңгеге дейін алуға болады. Ғимарат, жабдық немесе техника сатып алу үшін инвестициялық мақсаттарға арналған кредит қарастырылған. Бұл несие біздің банкте 7 жылға беріледі және мұндай кредиттің көлемі 900 млн теңгеге дейін жетеді. Ал овердрафтқа арналған қарыз кассалық алшақтықты жабуда қолайлы. ВТБ банкінде овердрафтты 145 млн теңгеге дейін ұлттық валютамен де, Ресей рублімен де алуға болады.

Кей жағдайда азаматтар микро және шағын бизнесті дамытуға ниеттенген жеке тұлға тұтынушылық кредит алғаны дұрыс деп санайды. Бірақ, мамандар кәсіпкерлерге бұлай жасамауға кеңес береді. Біріншіден, жеке тұлғаларға несие аз көлемде және заңды тұлғаларға қарағанда қысқа мерзімге беріледі. Көп қаражат қажет болса жеке жылжымайтын мүлік үшін кепілзаттық кредит рәсімдеу қажет. Жеке тұлғалар үшін несиенің пайыздық мөлшерлемесі бизнес өкілдеріне қарағанда жоғары келеді.

Елена Лебедева, ВТБ Банк (Қазақстан) Петропавлдағы филиалының директоры:

– Бизнесті кредиттеу жөнінде кеңес алу үшін банктің Петропавл қаласындағы Абай көшесі, 65 мекен-жайы бойынша орналасқан филиалынан немесе 8 (7152) 63-10-96 телефоны бойынша алуға болады.

Дана Ешкенова

Бұдан әрі оқыңыз

“Jusan Bank”-тен апта сайын 1 миллион теңге ұтып ал!
Облыс әкімі кәсіпкерлермен кездесті
Өңірде балаларды, жүкті әйелдер мен бала емізіп жүрген аналарды вакциналау басталды
Инвестициялық жобаларға онлайн баспасөз туры өтті
“Диалог” бағдарламасы
Электр энергетикасы саласындағы олқылықтар
2021 жылғы 15 қарашадағы “МТРА жаңалықтары” қорытынды ақпараттық бағдарламасы
2021 жылғы 12 қарашадағы “МТРА жаңалықтары” қорытынды ақпараттық бағдарламасы