Ауа райы

Өңірде дауылды ескерту жарияланды

Хабарымыздың соңында ауа райына кезек берейік. Өңірде дауылды ескерту жарияланды. “Қазгидромет” мамандарының мәліметінше, ертең, яғни қарашаның 13-і күні облыс аумағында көктайғақ және бұрқасын болуы мүмкін. Ауа температурасы түнде – минус 5-7 градус, күндіз 0-2 градус шамасында болады. Бұлт көшіп, күндіз қар аралас жаңбыр жаууы ықтимал. Осыған байланысты ТЖД-нің мамандары сақтық шараларын қаперде ұстау қажеттігін еске салады.

 Дана Ешкенова