Өткен тәулікте 135 солтүстікқазақстандық вирус жұқтырған

Денсаулық сақтау

23:23 10 Қараша 2021

Соңғы 2 аптада әлемнің 40 елінде вирус жұқтырғандар сана көбейген. Мәселен, Венгрияда аурушаңдық – 180, Польшада – 150, Австрияда – 120, Германияда 90 пайызға артқан. Бүгінгі таңда дүниежүзінде күніне шамамен 400 мыңға жуық жағдай тіркелуде. Ал 14 мемлекетте керісінше, статистика төмендегенін байқауға болады. Оның ішінде Қазақстан да бар. Індетке шалдығушылық 17 пайызға азайып, еліміз “жасыл” аймаққа өтті. Бұл туралы Үкімет отырысында денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мәлімдеді. Айта кеткен жөн, өткен тәулікте инфекция 1100-дан астам отандасымыздың бойынан анықталыпты. Оның 135-і – солтүстікқазақстандық.

Алексей Цой, ҚР Денсаулық сақтау министрі:

Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстары «қызыл» аймақта қалып отыр. Ал «сары» аймаққа Қарағанды, Ақмола облыстары және Алматы мен Нұр-Сұлтан қаласы кірді. Репродуктивтілік саны 0,90-ды құрайды. Толықтай алғанда, соңғы 2 айда Қазақстанда аурушаңдық – 3,4 есеге, өлім-жітім 4 есеге төмендеді. 1-ші тамыздан республикада инфекциялық төсек-орындар жүктемесі – 56-дан 30 пайызға, реанимациялық төсек-орындардың жүктемесі 45-тен 26 пайызға төмендегені байқалады. Резервте 30 мыңнан астам төсек-орын бар.

Маржан Касымбек

Бұдан әрі оқыңыз

Өңірде коронавирусқа қарсы вакциналау науқаны жалғасуда
Індетпен күрес
Ұжымдық иммунитет қалыптастырған елдерде шектеулер алынды
СҚО-да егде жастағы жандардың 21 пайызы ғана екпе алған
Өңірде мұсылман дін қызметкерлерінің 80 пайызы екпе алған
Әр емдеу мекемесінде пациенттерді қолдау қызметі бар
Өңірде эпидемиологиялық жағдай тұрақсыз
Колледж студенттері вакциналануда
Биыл облыстық қан орталығында 6700-ден астам адам қан тапсырған
Әлем халқының 41% вакциналаудың толық курсынан өтті
Індетті жеңу үшін екпе салдыр!
СҚ кәсіби педагогикалық колледжінде шеберлік сағаты өтті