Қылмыс

Биыл өңірде есірткіге қатысты 200-ге жуық құқықбұзушылық тіркелген

Солтүстікқазақстандық полицейлер республикалық «Қарасора» жедел-алдын алу іс-шарасын қорытындылады. Маусымның 1-і мен қазанның 31-і аралығында өткен кең ауқымдағы акция барысында 100-ден астам заңбұзушылық анықталды. Оның 47-сі есірткі сатуға қатысты.

Шараның алғашқы күндері петропавлдық тәртіп сақшылары Жамбыл облысының 39 жастағы тұрғынын қолға түсірді. Оның көлігінен 5 келі марихуана табылды. Тергеу барысында ұсталған ер адам зиянды затты 2 жыл көлемінде қабылдағанын және оны саудалағанын мойындаған. Осы оқиға бойынша қыркүйектің 20-сы күні сот отырысы өтіп, ер адам 10 жылға бас бостандығынан айырылды. Жалпы, жедел-алдын алу іс-шарасы кезінде заңсыз айналымнан 300 келіге жуық түрлі есірткі заты тәркіленген.

Эльмира Садвокасова