Іздеуде жүрген 5 адам анықталған

Қылмыс

22:36 8 Қараша 2021

Алты ай қыстың ауылы жақындап, ауа температурасы күннен-күнге төмендеп барады. Қақаған суықта шыбын жандарын шүбірекке түйіп далада жүрген үй-күйсіз жандар үсікке шалынуы мүмкін. Осыған жол бермес үшін полицейлер жылу трассаларын, көше бойында орналасқан құдықтарды, қоқыс алаңдарын, шағын базарлар мен вокзал маңын тексереді. Табылғандарын Жұмысшы кентіндегі түнгі түнеу бөлімшесіне жеткізеді. Бұл жерде қаңғыбастар жай ғана түнеп шықпайды. Жоғалғандардың, қылмыс жасап, іздеу салынғандардың тізімінен тексеріледі. Мұндай тәжірибе өз нәтижесін беруде. Жыл басынан бері мамандар іздеуде жүрген 5 адамды анықтапты. Олардың біреуі – қылмыскер, ал төртеуі түрлі құқық бұзушылық жасады деген күдікке ілініп отыр.

Адай Смайыл, қалалық ПБ қабылдау-тарату орнының бастығы:

Ағымдағы жылдың басынан бері Петропавл қалалық Полиция басқармасының қабылдап-тарату орнына 1600-ден астам қаңғыбас тұлға жеткізілді. 192-сі сот санкциясы бойынша қамауға алынған. Суыққа байланысты қабылдау-тарату орнының қызметкерлері сағат 15.00-ден бастап кешкі сағат 23.00-ге дейін көше кезіп жүрген тұлғаларды Жұмысшы кентінде орналасқан түнеу орнына жеткізеді. Тұрғылықты мекен-жайы жоқ тұлғаларды анықтаған жағдайда қабылдап-тарату орнының кезекші бөлімінің 52-92-99 нөмірі бойынша хабарласуларыңызды сұраймыз.

Жыл басынан бері полицейлер түрлі күдікке ілінген үй-күйсіз 192 жанды есепке қойыпты. Оның 139-ы ер адам болса, 53-і – қыз-келіншек. Көше кезіп жүргендердің арасында жастар да бар. Арнайы базаға енгендердің 39-ы – 18 бен 29 аралығындағы азаматтар.

Тәртіп сақшылары тұрғылықты жері жоқ адамдар тарапынан қылмыс немесе құқық бұзушылық жасалса, полицияға «102» мобильді қосымшасы арқылы бейнеқоңырау арқылы немесе мәтін жазу арқылы хабарлауға болатынын еске салады.

Байболат Култанов

Бұдан әрі оқыңыз

Биыл өңірде есірткіге қатысты 200-ге жуық құқықбұзушылық тіркелген
Ішімдікке сылқия тойып алып, біреудің көлігін айдап әкеткен
Үстіміздегі жылы облыста теміржол бойында 3 адам қаза тапты
Жыл басынан бері өңірде есірткі бизнесіне қатысты 203 факті тіркелген
18 жастағы петропавлдық алаяқ студенттерге несие рәсімдеткізген
Петропавлда өлген малдың етін сатпақ болған кәсіпкер ұсталды
Өңір полицейлері сібір елігін атып алған 4 браконьерді ұстады
Петропавлда жүк көлігін мас күйде жүргізген ер адам ұсталды
Тайынша қаласындағы дүкендердің бірінде 1 млн-нан астам ақша жымқырған ұры ұсталды
“102” мобильді қосымшасы арқылы 500-ден астам арыз-шағым келіп түскен
Арам жолмен ақша таппақ болған патрульдік полиция қызметкерлеріне қандай жаза қолданылады?
Биыл өңірде 650-ге жуық интернет-алаяқтық фактісі тіркелген