Биыл 850-ге жуық солтүстікқазақстандық мемлекеттен өтеусіз грант алды

Аптадағы маңызды жаңалықтар

22:36 8 Қараша 2021

Мемлекеттік “Еңбек” бағдарламасының негізгі мақсаты – халықты жұмыспен қамту және кәсіпкерлікке тарту болып табылады. Өңірде аталған жобаны іске асыру үшін 5 жылдың ішінде 13 млрд теңгеге жуық қаржы бөлінген. Бүгінге дейін білімдерін арттырып, жеке кәсіптерін ашқан солтүстікқазақстандықтардың саны 18 мыңнан асып жығылады. Оның ішінде 73%-ы жұмыссыз жүрген жандар екен. Бағдарламаға еңбекпен қамтылмаған, өзін-өзі жұмыспен қамтып отырған, оқу орындарының түлектері, аз қамтылған, көпбалалы және өзге де санаттағы кез келген адам қатыса алады.

Ринат Елжасов, СҚО жұмыспен қамтуды үйлестiру және әлеуметтiк бағдарламалар басқармасы басшының орынбасары:

– Үстіміздегі жылдың қыркүйек айынан бастап техникалық және кәсіптік оқыту аясында 400-ден астам адамға білім беру курстары жүріп жатыр. Еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар бойынша қысқа мерзімді оқытуды 424 адам аяқтады. Оның ішінде 300-ге жуығы жұмысқа орналастырылды. Сондай-ақ, биыл құрылыс саласында сұраныстың артқанын ескере отырып, 200 азамат қайта оқытудан өтті.

Ал “Бастау Бизнес” жобасы аясында биыл мыңға жуық теріскейлік кәсіпкерлік негіздерін оқып, бизнес-жобаларын қорғаған. Оның 260-ы шағын несие алған. Нәтижесінде 83 адам өз ісін ашып, 180-ге жуығы бизнесін кеңейткен. Осылайша, жергілікті іскер жандар тағы 170 адамды екі қолға бір күрекпен қамтыған.

Ринат Елжасов, СҚО жұмыспен қамтуды үйлестiру және әлеуметтiк бағдарламалар басқармасы басшының орынбасары:

– Сондай-ақ, ағымдағы жылы 850-ге жуық адам 200 АЕК-ке дейінгі мөлшерде мемлекеттен өтеусіз грант алды. Грант алушылар кез келген салада өз кәсібін бастай алады немесе ашқан кәсіптерін кеңейтуге мүмкіндіктері бар.

Сонымен қатар, қазір мемлекет тарапынан жастарды жұмыспен қамтуға үлкен көңіл бөлінуде. Нақтырақ айтатын болсақ, оқу орындарының түлектері үшін жастар практикасы ұйымдастырылды. Бұл қыз-жігіттердің кәсіби тәжірибе алуына және кейіннен тұрақты жұмыс орнына тұруға мүмкіндік береді. Ағымдағы жылы 435 түлек бірден екі қолға бір күрекпен қамтылды.

Дана Ешкенова

Бұдан әрі оқыңыз

Ревакцинациядан мыңға жуық теріскейлік өтті
Облыс әкімі онлайн қабылдау өткізді
Шал ақын ауданында таза ауызсу мәселесі өткір тұр
“Ауыл – ел бесігі” бағдарламасы аясында 3,5 мың ауылдың көркі кіреді
Құс фабрикалары жұмыртқаны негізсіз қымбаттатқан
Қазақстандықтардың 42,5% халық санағын онлайн форматта өтті
Балалар қауіпсіздігіне баса назар аудару қажет
Облыстық әкімдік отырысы өтті
Тұрғындар жер мәселесі бойынша облыс әкіміне жүгінді
Жастардың мәселелері билік өкілдерімен талқылануы тиіс
Нұротандықтар қоғамдық кеңес отырысын өткізді
Сенаторлар қаладағы құрылыс алаңдарымен танысты