Жолда пара берудің салдары түсіндірілді

Қоғам

21:02 5 Қараша 2021

Жол-патрульдік полиция қызметкері тоқтатқан алғашқы көліктің тізгінінде әйел адам отыр екен. Тәртіп сақшысы алдымен жүргізушінің құжаттарын тексерді. Бұл ретте ешқандай мәселе туындаған жоқ. Одан кейін «Jas Otan» жастар қанатының белсенділері нәзікжандыға пара беру мен пара алудың салдарын түсіндірді.

Сәндігүл Қозыбаева, қала тұрғыны:

– Менің ойымша, жол ережесін барлығы сақтау керек. Құжаттардың барлығы түгел болу қажет. Осындай профилактикалық шараларды өткізіп тұрған дұрыс.

Бізге кездескен темір тұлпар иелерінің барлығы бірдей пара берудің салдары заңмен қудаланатынан хабардар екен. «Одан қолмен істегенді, мойынмен көтеріп, адал өмір сүрген артық»,-дейді жүргізушілер.

Бақыт Әбдірахманов, қала тұрғыны:

– Мұндай қолайсыз жағдайға тап болмау үшін жол ережелерін бұзбау керек. Дегенмен, басыңызға түссе, заң алдында жауап беруден қашып, полицейлерге ақша ұсынудың қажеті жоқ. Өйткені, ерте ме, кеш пе – барлығы белгілі болады.

Сәлімхан Сәбитов, «Qyzyljar – Adaldyq alańy» жобалық кеңсесінің жетекшісі:

– Бұл акциядан кейін әр адам ойлануы керек. Себебі, айыбын жасырам деп тәртіп сақшысына 5 мың теңге беріп, артынан осы үшін 1 млн-ға жуық ақша төлеуі мүмкін. Автокөлік жүргізушісінен полиция қызметкері пара сұраса, 1424 нөміріне міндетті түрде хабар беру керек. Бұл үшін сыйақы алуы да ықтимал.

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу үшін аталған акциялар тағы да ұйымдастырылатын болады.

Алтынай Казиканова

Бұдан әрі оқыңыз

Петропавлда «Есіктің арғы жағында» көрмесі өтті
Жастарға жемқорлықтың қатері жайлы айтылды
Өңірде білікті имамдар жетіспейді
Өңірде “e-апостиль” бағдарламасы іске қосылды
СҚО-да әр 4-ші отбасы ажырасуға шешім қабылдайды
Дін өкілдері жастарға адалдық жайында әңгімеледі
Өңірге жұмыс сапарымен Сенат депутаттары келді
184 солтүстікқазақстандық алимент төлемей жүр
Қоғам белсендісі Ақжан Кәрімнің еңбегі еленді
Жыл басынан бері өңірде 900-ге тарта пәтер тапсырылған
Мүгедектігі бар балаларға берілетін жәрдемақы мөлшері артпақ
Еріктілер жалғызбасты зейнеткерге көмектесті