“Тұмар” би ансамблі Шымкенттен жүлделі оралды

Мәдениет

21:01 5 Қараша 2021

Жас өнерпаз Екатерина Першина 11 жылдан бері бимен айналысады. Небәрі 4 жасында “Движение” халықтық би ансамблінің кіші тобына қабылданған ол бүгінде құрамның беткеұстар мүшесіне айналған.

Екатерина Першина, “Движение” халықтық би ансамблінің мүшесі:

– Мені “Движение” халықтық би ансамбліне қабылдаған кезде өте кішкентай болдым. Алғашында жетекшімнің үйреткендерін түсіне бермейтінмін. Біраз уақыт өткеннен кейін бидің қыр-сырын ақырындап меңгере бастадым. Содан кейін қызығушылығым арта түсті. Сахнаға шыққанда өзімді еркін сезінемін.

“Движение” халықтық би ансамблінің құрылғанына 40 жылдан астам уақыт болды. Осы күнге дейін топ мүшелері бірқатар сайыстарға қатысып, талайдың таңдайын қақтырған. Өнерпаздар қазанның 23-і күні Петропавлда өткен II Халықаралық көпжанрлы «ART – поколение KZ-2021» байқауында гран-при иеленді. Және «Заманауи би» номинациясында үздік деп танылып, ақшалай жүлдеге қол жеткізіп отыр.

Ирина Сахарчук, “Движение” халықтық би ансамблінің жетекшісі:

– Конкурста жеңіл, ритмикалық өнер көрсеттік. Көрермендерге биімізбен көтеріңкі көңіл-күй сыйлағымыз келді. Сонымен қатар, бұл байқауда ансамльдің кіші тобы да сахнаға шықты. Балақайлар 1-ші орын иеленіп, әрқайсысы медальмен марапатталды. Еңбегіміздің нәтиже беріп жатқанына өте қуаныштымыз.

Ал, бұл – жас құрам саналатын «Тұмар» би ансамблінің Шымкент қаласында өткен байқаудағы нөмірінен үзінді. Қазанның соңында ұйымдастырылған халықаралық байқауда талантты қыздардың ортаңғы тобы «Эстрадалық би» номинациясында 1-ші орын еншіледі. Ал құрамға жаңадан аяқ басқандарға 2-ші орын бұйырды.

Жанерке Сабырова, «Тұмар» би ансамблінің мүшесі:

– Мен билегенді жақсы көремін. Ақерке Қайратовна, Елена Александровнамен бірнеше би дайындадық. Халықаралық «Бар жаныңмен биле» конкурсына «Бурундуктар» мен «Көктем» биін дайындадық. Сайыста өте көп қатысушы болды. Бізге өте ұнады.

Оңтүстікте өткен сайысқа ата-аналарымен бірге 60-қа жуық қатысушы барып келді. Өнерлі жерлестеріміз байқауға 1 айға жуық уақыт дайындалған екен. Конкурс үшін арнайы костюмдер де тіктіріпті.

Ақерке Мусалимова, «Тұмар» би ансамблінің жетекшісі:

– Ұжымдардың барлығы шеттерінен өнерлі, талантты болды. Сонда да біздің бишілер барларын салып, қалаға жүлдемен оралды. Айта кетейін, кіші құрамнан 5-тен 8 жасқа дейінгі 18 бүлдіршін қатысты. Ал, орта топтан 20 адам бақ сынап келді. Ата-аналар мен балалардың қуанышында шек жоқ.

Келешекте мың бұралған бишілер талай шыңдарды бағындыруды жоспарлап отыр. Ендігі сайыстың қашан және қайда өтетіні әзірге белгісіз.

Алтынай Казиканова

Бұдан әрі оқыңыз

И.Шухов атындағы орталық қалалық кітапханада балалар ертегілер клубы ашылды
Петропавлда халықаралық “Солтүстік кубогы” фестивалі өтті
“Art-класс” ұжымы Алматыда өткен байқауда 6 гран-при жеңіп алды
Қызылжарда халықаралық айтыс өтті
Петропавлда «Sana» әдеби-музыкалық клубының алғашқы отырысы өтті
Тарихи-өлкетану музейіндегі Тұңғыш Президент залына – 9 жыл
Петропавлда “Теңге-тиыннан, ынтықмақ ұйымнан” көрмесі өтуде
Алаш қайраткері Қошке Кемеңгерұлының дүниеге келгеніне – 125 жыл
“Сылаң қыз” қойылымы сахналанды
Облыстық қуыршақ театрында Тұңғыш Президент күні аталып өтілді
Қуғын-сүргін құрбандарын ақтау жөніндегі комиссия жұмысы
“Қарлығаш” би ансамблі республикалық байқаудан 2 бас жүлде жеңіп алды