Мүгедектігі бар балаларға берілетін жәрдемақы мөлшері артпақ

Қоғам

21:03 4 Қараша 2021

Бүгінде облыста денсаулығында кінәраты бар 2 мыңнан астам бала бар. Оның 1400-ге жуығы – 7 мен 16 жас аралығындағылар. Бұған дейін 16 жасқа дейінгі мүгедек балаларға берілетін жәрдемақының мөлшері 48 мың теңгеден сәл ғана асатын. Ал, қазан айының соңында Азаматтардың жекелеген санаттарын әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.

Гүлбақыт Манабаева, Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті СҚО бойынша департаменті басшысының орынбасары:

Заңға сәйкес енді 7 жастан 16 жасқа дейінгі мүгедек балалардың жәрдемақы мөлшері 16,7%-дан 37%-ға көтеріледі. Бұдан былай 1-ші топтағы мүгедек балаға 65 мың 860 теңге көлемінде жәрдемақы беріледі. Ал 2-ші топтағыларға – 54 мың 500 теңге, 3-ші топтағы мүгедек балаларға 48 мың теңге көлемінде жәрдемақы төленеді.

Сондай-ақ, қабылданған заңға сәйкес 1-топтағы мүмкіндігі шектеулі адамдарға күтім жасайтын азаматтарға жәрдемақы енгізу көзделген. Жәрдемақы мөлшері 48 мың теңгені құрайды. Егер отбасында екі және одан да көп бірінші топтағы мүгедек болса оларды күтіп-бағатын жанға әрқайсысына сәйкес жәрдемақы төленеді. Осы ретте айта кетейік, облыс бойынша мұндай төлем түрін алуға 1600-ден астам адам құқылы.

Гүлбақыт Манабаева, Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті СҚО бойынша департаменті басшысының орынбасары:

Сонымен қатар, осы Заңның негізінде зейнетақымен қамсыздандыру заңына өзгеріс енгізілді: егер бұған дейін зейнетақы төлемдерін тағайындау кезінде еңбек өтіліне 16 жасқа дейiнгi мүгедек баланы бағып-күткен уақыт алынса, енді еңбек өтіліне 18 жасқа дейiнгi мүгедек баланы бағып-күткен уақыт алынатын болады. Сондай-ақ, жаңа заңда мүгедектігі бойынша және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша жәрдемақыларды бір мезгілде алу құқығын беру көзделген.

Қараша айында арнайы санаттағы азаматтар өздеріне тиесілі жәрдемақыны бұрынғы көлемде алады. Бірақ, үстіне қосылуы тиіс соманы желтоқсанда жаңаланған жәрдемақымен бірге алады.

Дана Ешкенова

Бұдан әрі оқыңыз

184 солтүстікқазақстандық алимент төлемей жүр
Мемлекеттік қызметтердің онлайн жәрмеңкесі өтті
Еріктілер жалғызбасты зейнеткерге көмектесті
Петропавлда «Есіктің арғы жағында» көрмесі өтті
СҚО-да әр 4-ші отбасы ажырасуға шешім қабылдайды
Жолда пара берудің салдары түсіндірілді
Өңірде білікті имамдар жетіспейді
Қоғам белсендісі Ақжан Кәрімнің еңбегі еленді
Жыл басынан бері өңірде 900-ге тарта пәтер тапсырылған
Сергеевка қаласындағы қандастардың жағдайы
Өңірде “e-апостиль” бағдарламасы іске қосылды
Өңірде 200-ге жуық жұмысшы жалақыларын ала алмай жүр