Ыбырай Алтынсариннің дүниеге келгеніне – 180 жыл

Мәдениет

23:16 2 Қараша 2021

Ыбырай Алтынсарин қоғамдағы өзекті мәселелерді, адами құндылықтарды кеңінен жырлады. Қазақтың алғашқы ұстазына айналған ақын табиғат тақырыбында да қалам тербеді. Бүгінгі кеш барысында көрнекті ағартушының туындыларын жалынды жастар жүрекке жеткізе оқуда.

Қозыбаев университетінің 2-ші курс студенті Гүлбағила Сұлтан Ыбырай Алтынсариннің көпшілікке жақсы таныс “Өзен” атты туындысын оқуда.
Бұрымды ағартушының өлеңдерін мектеп табалдырығынан сүйіп оқиды. Ұлттың ұлы ұстазының ағартушылық қызметімен де жақсы таныс екен.

Гүлбағила Сұлтан, Қозыбаев университетінің студенті:

Ыбырай Алтынсарин – ағартушы. Мектеп бағдарламасында ұлы ұстаз жайлы толық мағлұмат беріледі. “Кел, балалар, оқылық”. Осы өлең арқылы ол күллі қазақ баласын білім алып, еңбек етуге шақырады.

Бүгінгі әдеби кеште жастар өлең оқыса, ал үлкендер білген-түйгендерімен бөлісті. Әбу Досмұхамбетов атындағы облыстық дарынды балаларға мамандандырылған гимназия-интернатының мұғалімі Жанар Әбілова ағартушының ұстаздық қызметін саралап өтті.

Жанар Әбілова, Әбу Досмұхамбетов атындағы облыстық дарынды балаларға мамандандырылған гимназия-интернатының қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі:

Баяндамамда Ыбырай Алтынсариннің қазақ даласында ұлттық қазақ мектебін ашқандығы жайлы және оның ақындығын айтатын боламын. Ең негізгі ақпаратымның бірі – ұлы ұстаз мектеппен қатар, алғаш болып қыздар білім алатын мекеме де ашты. Одан кейін қолөнер мектебінің кірпішін қалады. Осылайша “Дала қоңырауы” атанды.

Ұлттың ұлы ұстазына арналып өткізілген әдеби кешке жас сарбаздар, жергілікті студенттер мен мұғалімдер қатысты.

Алдияр Айтпаев

Бұдан әрі оқыңыз

Петропавлда “Теңге-тиыннан, ынтықмақ ұйымнан” көрмесі өтуде
И.Шухов атындағы орталық қалалық кітапханада балалар ертегілер клубы ашылды
“Сылаң қыз” қойылымы сахналанды
Алаш қайраткері Қошке Кемеңгерұлының дүниеге келгеніне – 125 жыл
“Тұмар” би ансамблі Шымкенттен жүлделі оралды
“Art-класс” ұжымы Алматыда өткен байқауда 6 гран-при жеңіп алды
Петропавлда суретшілер байқауы өтуде
Қуғын-сүргін құрбандарын ақтау жөніндегі комиссия жұмысы
“Қарлығаш” би ансамблі республикалық байқаудан 2 бас жүлде жеңіп алды
Қызылжарда халықаралық айтыс өтті
Облыстық қуыршақ театрында Тұңғыш Президент күні аталып өтілді
Тарихи-өлкетану музейіндегі Тұңғыш Президент залына – 9 жыл