ТЖ

Солтүстікқазақстандық құтқарушылар қауырт маусымға сақадай сай

Төтенше жағдайлар департаментінің өкілдері брифинг барысында қауырт кезеңге дайындықтары жайлы да баян етті. Өткен жылғы қыс құтқарушыларға да оңайға соққан жоқ. Олар күн-түн демей қызмет етіп, қар құрсауынан 2 мыңнан астам адамды құтқарған. Осыны ескере отырып мамандар өзге де ұйымдармен бірлесе алдағы маусымға жіті дайындалыпты.

Биыл өңір жолдарын мыңнан астам арнайы техника ақ ұлпадан тазаламақ. Сондай-ақ, 120 эвакуциялық машина қарастырылған. Трассалардағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында 105 тонна инертті материал әзірленген. Облыс аумағында патрульдеу жұмыстары жүргізіліп, жылыту бекеттері де құрылады. Сондай-ақ, департамент өкілдері ұялы телефонға 112 нөмірінен келіп түсетін смс-хабарламаларға мән беру қажеттігін тұрғындардың қаперіне салды.

Эльмира Садвокасова