Қылмыс

Жыл басынан бері өңірде 4 адам жол-көлік оқиғасынан қаза тапты

Жыл басынан бері өңірде жаяу жүргіншілердің қатысуымен 40-тан астам жол-көлік оқиғасы тіркелді. Салдарынан 4 адам қаза тауып, 39 адам жапа шекті. 13 оқиға жаяу жүргіншілердің салғырттығынан болған екен. Азаматтар жолды белгіленбеген жерден кескен, тіпті, араларында бағдаршамның қызыл түсінен өткендер де бар. Жалпы, үстіміздегі жылы полицейлер жолда жүру ережелерін бұзған 4 жарым мыңнан астам солтүстікқазақстандықты жауапкершілікке тартқан.

Алдияр Айтпаев