Спорт

«Kuanish» ВК – Қазақстан кубогының қола жүлдегері

Спортсүйер қауымға сүйінші жаңалық! Жергілікті «Kuanish» ВК Қазақстан кубогының қола жүлдегері атанды. Қазанның 20-сы күні Өскемен қаласында басталған дүбірлі додада жергілікті команда 6 кездесу өткізді. Оның төртеуінде жеңіске жетіп, екеуінде жеңілістің кермек дәмін татты. Іріктеу кезеңінде теріскейлік бұрымдылар талдықорғандық «Jhetysu»-ға жол берсе, финалға жолдама үшін таласта алаң иелері «Altay»-дан жеңілді. Ал Қазақстан кубогының қола жүлдесі үшін өткен ойында қарағандылық қыздарды ойсырата ұтты.

Бердимурат Баймухан