Спорт

Қос теріскейлік палуан халықаралық жарыста топ жарды

Қос теріскейлік палуан халықаралық жарыста топ жарды. Қазанның 22-сі мен 25-і аралығында Өзбекстанның Самарқанд қаласында грек-рим күресінен Камол Содиковты еске алуға арналған турнир ұйымдастырылды. Өзбекстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысының құрметіне ұйымдастырылған додаға өңірімізден 2 саңлақ қатысып, екеуі де алтыннан алқа тағынып қайтты. Атап айтсақ, Юсиф Алиев 48 келіде чемпион атанды. Ал 55 келі салмақ дәрежесінде Нариман Бекімов қарсылас шақ келтірмеді. Айта кету қажет, бұл жарысқа 300-ге тарта спортшы қатысқан.

Бердимурат Баймухан