Қылмыс

СҚО-да жыл басынан бері іздеуде жүрген 22 қылмыскер ұсталды

СҚО-да жыл басынан бері іздеуде жүрген 22 қылмыскер ұсталды. Жауапкершіліктен қашып жүргендердің 11-і – пробациялық бақылаудан жалтарған адамдар, 3-еуі заңсыз түрде есірткі саудаласа, қалғаны өзгенің мүлкін ұрлаған. Соңғысын мамандар маусым айында қолға түсірген. Аудан тұрғыны петропавлдықтан ұялы телефонын күшпен тартып алған екен. Тәртіп сақшылары оны бейнебақылау камералары арқылы іздеп, жалдамалы пәтерлерді аралаған. Осылайша, полиция қызметекерлерінен қашып жүрген ұры 1 айдан соң қолға түседі. Жалпы, ұсталғандардың барлығы жауапқа тартылып, сот алдында жауап берді.

Бердимурат Баймухан