Қылмыс

Тұрмыстық зорлық-зомбылық тыйылар емес

Петропавлда тұрмыстық зорлық-зомбылық фактілері тыйылар емес. Үстіміздегі жылы облыс орталығында отбасындағы ұрыс-керістің салдарынан 21 қылмыс тіркелген. Тәртіп сақшыларының айтуынша, заңбұзушылықтардың денін адамға жарақат келтіру жағдайлары құрайды. Мамандар жыл басынан бері жанұяның тиышын қашырған 1400-ден астам адамды әкімшілік жауапкершілікке тартқан. Ал бірнеше рет ереже бұзған 120-дан астам адамның мінез-құлқына сотпен ерекше талап қойылған.

Эльмира Садвокасова