Sailau banner

ТЖ

Алғаш рет ҚР Төтенше жағдайлар министрінің кубогы үшін хоккейден турнир өтті

Солтүстікқазақстандық құтқарушылар шайбалы хоккейден ұйымдастырылған ҚР Төтенше жағдайлар министрінің кубогы үшін сайыста топ жарды. Жарыс жуырда ғана елордада өтті. Турнирде Нұр-Сұлтан, Ақтөбе қалалары және Солтүстік Қазақстан облысының төтенше жағдайлар департаменті мен ІІМ Солтүстік өңіріндегі Арнаулы күзет қызметі басқармасының командалары өзара бақ сынасты. Екінші орын соңғы аталған құрамаға бұйырды. Ал үздік үштікті Нұр-Сұлтан қаласының құтқарушылары түйіндеді.

Дана Ешкенова