Білім

“Өрлеу” орталығының мамандары онлайн-вебинар өткізді

Елімізде ауыл мен қала мектептері ара­сындағы теңсіздік мәселесі әлі де өзекті тұр.Бүгінде шаһардағы білім ұяларының барлығы заманауи оқыту-құралдарымен жабдықталған. Оқушыларға білікті мамандар жаңаша әдіс-тәсілдер бойынша сабақ беруде. Ал ауылдағы мектептердің барлығында бірдей заман игіліктері жоқ. Осы проблеманы шешу үшін бүгін жергілікті “Өрлеу” біліктілікті арттыру орталығында шағын жинақты мектеп ұстаздары үшін онлайн-вебинар ұйымдастырылды. Іс-шараға 300-ге жуық ұстаз қатысты.

Гүлден Ақмағамбетова, «Өрлеу» БАҰО» АҚ СҚО бойынша ПҚ БАИ зертхана меңгерушісі:

– Бұл іс-шараға пән мұғалімдері мен облыстың білім беру ұйымдарының әдіскерлері қатысып отыр. Біз ауылдық мектептерге көп көңіл бөлеміз. Себебі, ауылдық және қалалық мектептер арасында теңсіздік проблемасы бар. Сондықтан, біз осындай вебинарларды жыл сайын өткіземіз.

Бердимурат Баймухан