Қоғам

Болат Қожахметов 75 жасқа толды

Көрнекті өлең, көрнекті ой иесі. Ақын, қаламы қарымды журналист Болат Қожахметов 75 жасқа толды. Осыған орай облыстық кітапханада іс-шара ұйымдастырылды. Болат Қожахметов еңбек жолын 1968 жылы “Soltustik Qazaqstan” газетінде бастаған. Содан 50 жылға жуық уақыт бойы редакцияда еңбектенген. Талант иесі өлең жазуды да қатар алып жүріпті. Осы уақытқа дейін «Аспандағы арғымақтар», «Өзім және өзгелер» атты кітаптары жарық көрген. Ақын тағы бір еңбегін басып шығаруды жоспарлап отыр. Жалпы, бүгінгі жиында жастарға өзінің өмірі мен шығармашылық жолында басынан өткен оқиғаларымен бөлісті.

Болат Қожахметов, журналист, ақын:

– Алматыға мал дәрігері мамандығы бойынша институтқа түстім. Оның атын да затын да білмейтінмін. Түсірген кісі: «Атақты Шыңғыс Айтматовтың өзі Жамбылдағы техникумды бітіріп, жазушы бол»,-деп көндірді. Л. Аймашева деген диктор жеңгем болды. Жазған мәтіндерін маған көрсететін. Мен жөндеп бердім. Ол: «Сен дайын тұрған журналистсің ғой»,-деді. Келесі жылы журналистикаға түстім.

Бердимурат Баймухан