Ұстаздар мен мұрағатшылар Жолдауға үн қосты

Аптадағы маңызды жаңалықтар

21:19 22 Қазан 2021

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

– Биылғы қаңтар айынан бастап педагогика саласы қызметкерлерінің жалақысы 25 пайызға көбейді. Алдағы үш жылда осы мақсатқа тағы 1,2 триллион теңге жұмсаймыз. Қабылданған шаралар жемісін беріп жатыр. Педагогикалық мамандықты қалап, оқуға түскендердің орташа балы күрт өсті. Біз ұстаздарды қолдау саясатын жалғастыра береміз.

Жалақының өсуімен қатар мектептердегі оқыту құралдары жаңартылып, сыныптар заманауи техникамен қамтылуда дейді тайыншалық педагогтар. Қазіргі күні мұндағы ұстаздардың 100 пайызы IT саласында білімді толықтыру курстарынан өтіпті. Жастардың салауатты өмір салтын сақтауына да ерекше көңіл бөлінуде.

Айгүл Мұхаметғалиева, Тайынша №4 орта мектебінің директоры, Тайынша қаласы:

– Біздің мектепте түрлі үйірме жұмыс істейді. Қоян-қолтық ұрыс әдістерін үйрететін клуб бар. Ондағы мамандар балаларға әскери-патриоттық бағытта тәлім-тәрбие береді. Экологиялық және театр өнері бағытында да үйірме құрылған. Биыл қазақ мектептерінде домбыра мен робототехника сыныптарын аштық.

Президент бастамаларын жергілікті архив қызметкерлері де қолдап отыр. Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында аталған салада жұмыс істейтін жандарға көңіл бөліну қажеттігін айтты.

 Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

– 2020 жылдан бастап 600 мыңнан астам педагог пен дәрігердің, әлеуметтік сала қызметкерінің жалақысы өсті. Бірақ, бюджеттен қаржыланатын өзге сала азаматтары бұдан тыс қалды. Бұлар – мәдениет қызметкерлері, мұрағатшылар, кітапханашылар, техникалық қызметкерлер, қорықшылар, көлік жүргізушілер және басқалар. Сондықтан, 2022 жылдан 2025 жылға дейін мемлекет осы санаттағы азаматтық қызметкерлердің жалақысын жыл сайын орта есеппен 20 пайызға өсіретін болады.

Тұтас алғанда бұл бастаманың игілігін тағы 600 мың отандасымыз көреді. Олардың қатарында Анна Шилина да бар. Нәзікжанды аудандық кітапханада мұрағатшы болып қызмет етеді. Жұмысқа бірнеше ай бұрын кірісіпті. Аз уақыттың ішінде өз қызметіне толық бейімделіп, саланы дамыту мақсатында өз алдыма бірқатар міндеттер қойдым дейді.

Анна Шилина, Тайынша аудандық архивінің мұрағатшысы:

– Мұрағатшы болып қызмет ету – үлкен шыдамдылық пен ықыласты талап етеді. Президентіміздің бізге көңіл бөліп жатқаны қуантады. Жолдау аясында осы салада қызмет етуге қызығатын жастардың қатары көбейеді деп ойлаймын. Айта кететін жайт, қазіргі күні біз мемлекеттік қызметтердің көбісін электронды форматқа ауыстырып жатырмыз.

Жалпы, аудандық архивте 140 мыңнан аса құжат бар.

Бердимурат Баймухан

Бұдан әрі оқыңыз

Сенаторлар қаладағы құрылыс алаңдарымен танысты
Жастардың мәселелері билік өкілдерімен талқылануы тиіс
Құс фабрикалары жұмыртқаны негізсіз қымбаттатқан
Облыстық әкімдік отырысы өтті
Ревакцинациядан мыңға жуық теріскейлік өтті
«Nur Otan» партиясының облыстық филиалында актив отырысы өтті
«Pfizer» вакцинасын мыңнан астам солтүстікқазақстандық қойдырған
Нұротандықтар қоғамдық кеңес отырысын өткізді
Қос үйдің конкурсына қатысу үшін өтініш қабылдау басталды
Қазақстандықтардың 42,5% халық санағын онлайн форматта өтті
Облыс әкімі онлайн қабылдау өткізді
Өрт қауіпсіздігі облыстық әкімдік отырысында қаралды