Петропавлда балалар үшін дифференциялық тариф іске қосылады

ТКШ

21:16 22 Қазан 2021

Қарашаның онынан бастап Петропавлда 7 мен 15 жас аралығындағы балалар үшін дифференциялық тариф енгізіледі.Яғни, енді кішкентай жолаушылар қоғамдық көлікке төлемді карта арқылы жасайтын болады. Заман игілігі қолданылған жағдайда жол ақысы 40 теңгені құрамақ. Ал қолма-қол ақша ұсынылса, жаңағы аталған сомаға тағы 25 теңге қосылады. Арнайы карта 200 теңге тұрады. Ішіндегі ақша таусылған жағдайда мобильді операторлардың қосымшасы арқылы толтыруға мүмкіндік бар.

Әсем Айтолла, қалалық ТҮКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің баспасөз хатшысы:

– Бұл карталарды “Караван”, “Тайга”, “Dostyk Mall” сауда үйі, вокзал мен “Жолаушы тасымалы” қауымдастығынан сатып алуға болады. Әлеуметтік аз қамтылған отбасылардың 7 мен 15 жас аралығындағы балалары арнайы карта арқылы тегін жүре алады. Бұл карталарды алу үшін Театральная, 36 мекен-жайындағы жұмыспен қамту орталығына бару керек.

Бердимурат Баймухан

Бұдан әрі оқыңыз

Өңірдің аудандарында су тарифі өсуі мүмкін
Абайлаңыз, көктайғақ!
Жыл соңына дейін ПИК-тер жұмысын тоқтатады
Петропавлда бала жолаушыларға арналып электронды билеттеу енгізіледі
СҚО-да 950-ден астам көпқабатты үйде мүлік иелері бірлестігі құрылды