Шаһарда тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған концерт өтті

Мәдениет

23:17 21 Қазан 2021

Тұғырлы тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған кештің шымылдығын Сегіз сері атындағы халық аспаптар оркестрі атақты композитор Евгений Брусиловскийдің «Мереке би» шығармасымен ашты. Адамға көтеріңкі көңіл күй сыйлайтын музыкаға «Туған жер» ансамблі мың бұрала билеуде.

Бишілердің өнерін өнерсүйер қауым жоғары бағалады. Кеште тамылжыта ән де шырқалды. Қазақстан Республикасының қоғам қайраткері, елге танымал әнші Дәмеш Құрманкина жиналғандарды бір рухтандырып тастады. Ақан сері атындағы облыстық филармонияның әртісі
жергілікті ақын Дәстен Баймұқановтың сөзіне жазылған «Қазағым» әнін құлақтың құрышын қандыра орындады.

Дәмеш Құрманкина, Ақан сері атындағы облыстық филармонияның әртісі:

– Біз өте қуаныштымыз. Шабыттанып, шаттанып жүрміз. Өйткені, еліміз аман. 30 жылдың ішінде Қазақстан қай салада болмасын жетістіктерге жетуде. Біз әншілер, әртістер халық алдына қашанда шығып, жырлауға, шырқауға дайынбыз.

Бұл кеште халқымыздың қайғысы мен қуанышын жырлаған ұлттық аспаптармен қазақ әндері ғана шырқалмады. Сахна саңлақтары орыс, қырғыз, татар тілдерінде де бірқатар туындыны жүрекке жеткізе орындады.

Ақан сері атындағы облыстық филармония жаңа маусымды осыдан 10 күн бұрын ғана ашты. Мінекей, бүгін жұртшылыққа алғашқы ауқымды концерттерін ұсынып отыр.

Қайырлы Ғафуров, Сегіз сері атындағы қазақ халық аспаптары оркестрінің көркемдік жетекшісі:

Еліміздегі жағдайларға байланысты көптен бері көрермендерімізбен қауыша алмадық. Дегенмен, біздер онлайн концерттер ұйымдастырдық. Бүгінгідей үлкен концерт ұйымдастыруға мүмкіндік берілгеніне қуаныштымыз. Алдағы уақытта көрермендеріміз бүгінгідей көп болады деген ойдамыз.

Мерейтойлық кеште қалың көпшілікке жалпы саны 19 композиция ұсынылды. Өнерсүйер қауым теріскейлік таланттардың әндері мен билері көңілдерінен шыққанын айтуда.

Бүгінгі кеш қатты ұнады. Жерлес әншілердің өнеріне тәнті болдық.

Біздің солтүстік өңірде де талантты әншілер бар екен. Ризамыз. Шығармашылық табыс тілейміз!

Өнерпаздарға айтар алғысымыз шексіз. Еліміздің тәуелсіздігі мәңгі жасай берсін! Егемен еліміздің аспаны ашық болсын!

Алдияр Айтпаев

Бұдан әрі оқыңыз

Қызылжарда халықаралық айтыс өтті
Петропавлда суретшілер байқауы өтуде
Облыстық қуыршақ театрында Тұңғыш Президент күні аталып өтілді
Жалпыұлттық телевизиялық жоба қатысушылары марапатталды
Алаш қайраткері Қошке Кемеңгерұлының дүниеге келгеніне – 125 жыл
“Қарлығаш” би ансамблі республикалық байқаудан 2 бас жүлде жеңіп алды
“Art-класс” ұжымы Алматыда өткен байқауда 6 гран-при жеңіп алды
Петропавлда “Теңге-тиыннан, ынтықмақ ұйымнан” көрмесі өтуде
“Тұмар” би ансамблі Шымкенттен жүлделі оралды
“Сылаң қыз” қойылымы сахналанды
Петропавлда «Sana» әдеби-музыкалық клубының алғашқы отырысы өтті
Тарихи-өлкетану музейіндегі Тұңғыш Президент залына – 9 жыл